Алыста жүрген ағайын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2282
Аз күн дәмдес болған стамбулдық қара көз қарындасым Мәстура, ақжарқын жеңге Дариға, асыл аға Мәжит Жаналтай, сiздерге арнадым.

Сақтаған ұзақ сан жылдар
Қанжардай күңгiрт тартты ма?
Жарқ етшi, кәне, сағыныш,
Жарып шық теңдi, қапты да.
Шарадан асса сағыныш,
Шөл басып бүгiн, қанып iш.
Мауқынды басшы қарындас,
Сұрыптап тiлек ағын iш.
Шырқаудан әндi жалықсаң,
Татудан дәмдi қалыспаң.
Тойлайтын нағыз күнiмiз,
Ағайын келiп алыстан.
Асылын сөздiң саптаған,
Ардақтап дәстүр баптаған,
Ортаңда бүгiн қазақтын
Жорғасы отыр ақтабан.
…Жүрсе де қиыр тау, сайда
Қалғасын алыс аңсай ма?
Келе ме дала тағысы
Туған жер шөбiн шалғысы,
Бiр жалап тұзын алғысы?
Алысқа неге асыпты.
Таңдады неге қашықты?
Сұраққа сұрақ жамарсыз,
Кеттi ме жырақ амалсыз?
Болса да адал, пәк кiсi,
Келдi ме жала жапқысы,
Мойнына қарғы таққысы?
Болды ма содан жат кiсi?..
Алыста жүрген ағайын,
Көмiлген сырды қазайын.
Кей кезде налып, жабығам,
Аздықтың тартып сазайын.
… Ай туар көкшiл күмбезде,
Күмiстен шашып сәулесiн.
Жаратып тұлпар сол кезде,
Қосыла шауып, әу дерсiң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыста жүрген ағайын өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Алыста жүрген ағайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алыста жүрген ағайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыста жүрген ағайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері