Ізде өзің қуаныш маңайыңнан – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ізде өзің қуаныш маңайыңнан» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1223
Әрекетсiз омалып отырады,
Айтатыны баяғы қотыр әнi.
“Ғұрпым азды, қуаныш құрыды” деп
Тұйық суда сасиды, тотығады.
Өз жерiнде өз елiң мекенденген,
Әдет-ғұрпың қалайша шетелденген?
Көзiнде шел, көрмейсiң маңайыңның
Толып жатқан қуаныш екендiгiн.
Пiштiрме мен тыштырма, кiндiк кесу,
Ұрын барған ақ таңда – “түндiк тесу”…
Ұмыттық қой ит көйлек қашыруды,
Етек алды “ұлт өнер - сұмдық” десу.
Өзiң iзде қуаныш маңайыңнан,
Орын тап та көңiлдiң сарайынан.
Сонда ғана бақыт құс шаңырақта,
Арылмайды ауылың арайынан…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері