Ұстазым – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Ұстазым» атты Серік Әкірамұлы жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2139
Бетін ашып Әліппенің,
Үйреткен бар әріптерін.
Тал бойыма еккен ұстаз,
Әдептілік әдіптерін.
Есіміңді үлгі тұтып,
Ардақтадым, дәріптедім.
Жүрегі нұр, тәлімі ізгі,
Жақсы көрген бәрімізді.
Үміт артып ертеңіме,
Түсінетін жанымызды.
Біз ұстазды құрметтейміз,
Арнаймыз жыр-әнімізді.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері