Өлең, жыр, ақындар

Баянды болсын осы күн

  • 22.03.2020
  • 0
  • 1
  • 4221
Тәңірден талант дарыған,
Ертеңін елдің таныған.
Қорғасындай балқытып,
Қызыл тілімен қарыған.
Сары майдан қыл тартқан,
Кестелі сөзден гүл таққан,
Иіні қатты ерлерді,
Иілтіп сөзбен жұмсартқан.
Бұлбұлдай тілі сайраған,
Ақиқат жолдан таймаған.
Баталы елдің баласын,
Аталы сөзбен қайраған,
Абыздар күткен осы күн.
Азуын айға білеген,
Шіреніп найза тіреген.
Жолына шықса тықсырып,
Қолына түссе іреген.
Жебесін атса боздатқан,
Құралайды көзге атқан.
Жарау атпен қар кешіп,
Үзеңгісіне мұз қатқан.
Жауының құтын қашырған,
Қуаты бойда тасынған.
Алқымдап келген дұшпанды,
Алтайдан ары асырған,
Батырлар күткен осы күн.
Салауат айтып өткенге,
Тәуелсіз күнім жетті елге.
Жаратқан осы аңсаған,
Күнімді енді көп көрме?
Арқада тірек – Ақордам,
Алашқа жүрек – бақ ордам.
Шығысымда айдаһар,
Батысымда сары орман.
Салтанатым жарасқан,
Қызығып әлем қарасқан.
Көрікті болсын керуенің,
Кетпесін БАҚ, ҚҰТ алаштан.



Пікірлер (1)

Акшабак Абилдаева

Негизи СерикАкирамулынын олендери жаман емес жаксы бирак коп ягни узакта

Пікір қалдырыңыз

Көк байрақ

  • 0
  • 0

Арғымақ мініп, ту алған бабам,
Үміт үзбеген ұлы армандардан.
Көк туым биік асқақ тұр бүгін,
Арылып шер мен мұнардан далам.

Толық

Наурыз

  • 0
  • 0

Келді наурыз, гүл-көктем,
Төгіледі нұр көктен.
Наурызды тойлайды ел,
Шаттық толы дүрмекпен.

Толық

Түркістан

  • 0
  • 2

Исі қазақ қастерлер кие қонған,
Түркістан,
Қақпасына ер түркінің ие болған,
Түркістан.

Толық

Қарап көріңіз