Ақерке-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақерке-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4188
Қош болғайсың, ей, қалқам, қош болғайсың,
Боз жорғаның шылбырын бос салғайсың.

Қайырмасы:
Іңкәржан,
Ақерке-ай, аман бол.

Ауылың шалғай кеткенде, қарағым-ай,
Мен құрбыңды қалды деп еске алғайсың.

Қайырмасы:
Іңкәржан,
Ақерке-ай, аман бол.

Ойнап-күлген жерінде сұңқар қалды,
Бозбалалар ауылы алыс қалды.
Алыс қалған ауылыңа қараймын деп,
Қаршығадай қайырылып мойным талды.

Қайырмасы:
Іңкәржан,
Ақерке-ай, аман бол.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері