Қазір менде ақыл жоқ – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Қазір менде ақыл жоқ» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2397
Қазір менде ақыл жоқ...
Керегі не?...
Онсыз да өмір сүре алам.
Сағыныштың айналып себебіне,
Күлкіңіз ғой ұнаған.

Күлкіңіз ғой... ішіме от түсірген,
Әлсіздігім-жазығым.
Сізді сүю бұйырғаны үшін де
Жазымышқа разымын.

Өзіңізсіз өткен күнім көріксіз
Тағдырым-ай, тайғанақ?..
Көп ішінде еріттіңіз еріксіз,
Көзіңізбен аймалап.

Сізді сүю қылмыс болса.. қайтемін
Кесе берсін жазасын.
Алмасаңдар болғаны да әйтеуір
Арманымның мазасын.

Ақылым жоқ қазір менің...Сұрама!
Уақыт қанша... күн қалай...
Еркіңізге есім кетіп құлағам,
Өзімді де тыңдамай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері