Біздің көңіл мұңжерік – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Біздің көңіл мұңжерік» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 977
Біздің көңіл мұңжерік...
Біздің көңіл мұңжерік...
Бояуы оңған күндерден белгісізді іздедік.
Алаңсызбын дегенім алдағаным әшейін,
Арман кеткен адасып,әлдеқашан Сізге еріп.

Қабағымда қараша...
Біз жете алмас биіктер бәз біреуге аласа.
Сүрінгенің сөз бе екен алдамаса сенімің,
Жылатуға жараған жұбатуға жараса...


Тереземнің пердесін,
Тербесе егер сіздің жақтан ескен самал тербесін.
Құлаққа ілмей күллі әлемнің күңкілін
Сағынышым ғана үнсіз,
сағынышым ғана тілсіз сөйлесін.

Саусағымның дірілін,
Сонсоң ғазиз жүрегімнің түсініксіз күбірін.
Естісеңіз...
естісеңіз болғаны...
Сол үміттің шуағына жылыдым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері