О, не деп сыр ашам сізге мен – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «О, не деп сыр ашам сізге мен» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 863
О, не деп сыр ашам сізге мен...
Көп болды... көзде мұң жүзбеген
Көп болды, мұңнан жыр тізбегем.
Бостан күн көшкелі басымнан,
Достар да азайды іздеген.
О, не деп сыр ашам сізге мен...
Тұтқынмын өзімнің түрмемде,
(Тәйірі, тағдырсыз бір мен бе?..)
Бейуақ мазамды қашырып,
Біреулер шулайды іргемде.
Сеніңіз, көңілсіз бұл сырым,
Дәл бұлай шертеді кім шынын.
Шарасыз шырмалып қалғанмын,
Уақыт созғанда ұршығын.
Білмеймін, күтесіз менен не?..
Күндерім осылай көнермек.
Қанша рет қапыда көз жұмдым
Айналып кете алмай өлеңге.
Хабарсыз сүйілген, сүйгеннен,
Базарсыз бейдауа күйге енген.
Кездер-ай тірлікке иленген...
Көздер-ай бәріне үйренген...
Өтінем, алмаңыз мазамды,
Менсіз де жазылар ғазал мың.
Өзімнің тұрғызған түрмемде,
Өмірлік өтеймін жазамды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері