Мен осы соңғы кезде біртүрлімін – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Мен осы соңғы кезде біртүрлімін» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1616
Мен осы соңғы кезде біртүрлімін...
Жиі-жиі көмкеріп күлкімді мұң.
Бұрынғыдай алмайды тынышымды,
Жербетілік мазасыз күңкіл,күбір...
Тоқтап қалған секілді сағат біткен,
Төзімім тұл, таусылып тағат тіптен.
Күмән шағын күндерім өткеруде,
Бір аңсарым табылмай қалап, күткен.
Мағынасыз досымның күлкісі де,
Айырмадым оларды түр-түсінен.
Аяр дейсіз кім менің арманымды?..
Қояр дейсіз жанымды кім түсіне?..
Күндер солай күмілжіп жылысуда,
(Уақытпен бола ма ұғысуға?!)
Жүзім жасып отырмын елеусіздеу,
Қызыл-жасыл әлемнің бұрышында.
Жан дауысым жыраққа жеткен шығар?..
Аспан содан қақырап кеткен шығар?
Жасын түсіп жатқанда шарпылмаған,
Айтыңызшы... сіздікі неткен шыдам?.
Өлтіре көрмеңізші-і-і...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері