Алтыбақан – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Алтыбақан» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 844
Тұнығында тұнжыр сәуле жүзген күз,
Жылылықты енді қайдан іздерміз...
Бір болмашы сезімдерге алданып,
Алтыбақан теуіп тұрмыз сіз бен біз.
Алтыбақан тербетеді,ырғайды,
Бейопа күн бір бақытты бұлдайды.
Сізге қарай жүрегіммен жүгірем,
Шегінсеңіз шарпиды екен шын қайғы.

Алыстасам сіз де маған ынтығып,
Көзіңізде жатады ылғи мұң тұнып.
Кезек-кезек әуелейміз әйтеуір,
Арбасқанда бір сағыныш, мың күдік.

Теңескен сәт қарай бердік ұрланып,
Мәңгі осылай тұрайықшы ырғалып.
Төзіммінен осал болып жібек жіп
Сезімімнен кетпесем тек жынданып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері