Ескі ән (2-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ескі ән (2-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1807
Әй!
Келеді қонақ таңдап боз үйлерге,
Келеді ханнан қағаз бек билерге.
Етегі шапанымның-ай, шалғайданып,
Түспедім сенің үшін не күйлерге.

Базарға пұл жібердім асыл тасты,
Қайғылы көкірегім, көзім жасты.
Түскенде сен есіме, жан-ау ерке,
Күйігің, дертің қатты басылмас-ты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері