Жеңеше-ай (1-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жеңеше-ай (1-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2892
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам болар ма ексем жерге.
Намаздыгер намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.

Қайырмасы:
Ай, жеңеше-ай,
Мінезің қалай өзгеше-ай.

Айдап салдым жылқымды ошағанға,
Салсам құрық тимейді қашағанға.
Сен есіме түскенде, асыл еркем,
Бір көрсет деп жалындым жасағанға.

Қайырмасы:
Ай, жеңеше-ай,
Мінезің қалай өзгеше-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері