Келіншек (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Келіншек (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1233
Келіншек менің атым Нұркүләнда,
Бармаған өз теңіне қыз арманда.
Ағайын ата-ананың көңілін қимай,
Сырымды паш қылмадым ешбір жанға.

Қайырмасы:
А, ха-ли-ли-лил-ла-ау,
Хай-ли-ли-ли-ли-ли-лай.
Хай-ли-ли-ли-ли-лай,
Ха-ли-ли-ли-ли-ли-ли а-ай!

Сол үйге келін келді қадам басып,
Қатындар май құйып жүр жабырласып.
Ежелден қимаған сол ата-анам ғой,
Екеуі отыр екен бек ұнасып.

Қайырмасы:
А, ха-ли-ли-лил-ла-ау,
Хай-ли-ли-ли-ли-ли-лай.
Хай-ли-ли-ли-ли-лай,
Ха-ли-ли-ли-ли-ли-ли а-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері