Менің көңілім – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Менің көңілім» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1507
Сөз табасың, құрбыжан, не керектен,
Дәл тиеді қай сөзің зеңбіректен.
Шыныменен көңілің болса менде,
Жаным құрбым, жан сәулем, шын жүректен.

Қайырмасы:
Уаридай, еккай, уаридай, еккай,
Жаным құрбым, жан сәулем, менің көңілім.

Ай бірдей ме аспанда жұлдызбенен,
Тері бір ме шын кәмшат құндызбенен.
Жаман менен жақсыны айыра біл,
Жапалаққа қоңыр қаз ілгізбеген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері