Ақылдысы кім болды, ақылсызы кім болды? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Ақылдысы кім болды, ақылсызы кім болды?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1923
Бiр бала бар, көрсеңдер,
Мақтанғанды жаратыр.
Мақтанғысы келсе егер,
Былай деп ой таратар:
– Сиырлардың iшiнде
Ақылдысы болады.
Қайтса өрiстен кешiнде,
Табады өзi қораны.
Бiздiң сиыр осындай,
Оны кешке көр ендi.
Басқаларға қосылмай,
Үйдi тауып келедi.
Бiз бiреулер тəрiздi
Барлығымыз жабылып
Сиырларын зар iздеп,
Жүргемiз жоқ сабылып...
Ол мұныменен қоймайды,
Шырт түкiрiп тастайды.
Үйiндегi қойларды
Жəне мақтай бастайды.
Күлiп тұрам мен iштен,
Ол бiрақ түк сезбейдi:
«Кешке адаспай өрiстен
Келедi үйге өздерi».
Ендi
Ненi мақтар деп,
Тосып тұрдық тағы да.
Ақылды екен
Байқасақ,
Ит,
Қозысы,
Лағы да.
Сол мақтанған күйiмен
Ешкiмге дес бермейтiн,
Бұл сабазды,
Шынымен,
Үйдiң бетiн көрмейтiн:
«Сабағын ғой ұмытты», –
Деп шешесi күйiне
Қолына алып шыбықты,
Қайтады айдап үйiне.
Мынау қиын сын болды,
Жиылған жұрт
Жым болды.
Сонда,
Ақылды кiм болды,
Ақылсызы кiм болды?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақылдысы кім болды, ақылсызы кім болды? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Ақылдысы кім болды, ақылсызы кім болды? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақылдысы кім болды, ақылсызы кім болды? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақылдысы кім болды, ақылсызы кім болды? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері