Өлең, жыр, ақындар

Қандай қарбыз піскен?

  • 13.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2401
Жасырайық несiн бiз,
Ол күндерде өзiмiз,
Қарбыз десе есiмiз,
Шығып кетер кезiмiз.
Мезгiл едi,
Жеткен күз,
Алып ұшып өкпемiз,
Бақшаға кеп,
Қарбызбен
Араласып кеткенбiз.
Əнтек шығып сөзiмiз,
Шоқтай жайнап көзiмiз,
Əр қарбызды ұстаймыз,
Сылбырымыз, тезiмiз!
– Қане,
Кiмдер таңдайды,
Пiскен екен қандайы?..
Осындайда, сенсеңiз,
Тер жуады маңдайды.
– Қазiр ендi тоямыз...
Бiр пiскенiн соямыз...
Деймiз-дағы шетiнен
Шертiп-шертiп қоямыз.
Шерткенде бос тұрмаймыз,
Жатып келiп тыңдаймыз.
Шынын айтсақ, бiрақ та,
Таңдағанға жұрдаймыз.
– Кəне,
Қайсын жарамыз,
Тек пiскенiн табамыз! –
Деген кезде тартынып,
Сасқалақтап қаламыз.
Қысыр сөздiң шеберi,
Арамызда көп едi.
Ал қарбыздың пiскенiн
Танитыны жоқ едi.
Қол батпай тұр үзуге,
Шетiмiзден шеттеймiз:
– Бақташы атай келсiн, – деп
Үйге тағы кетпеймiз.
Жоқ босқа оны жарғымыз,
Ұятына қалғымыз.
Келiп-ақ тұр,
Бiрақ та,
Қарбызды жеп алғымыз.
Жақсы болды көргенi,
Өзi атайдың келгенi.
Пiскендерiн бiр-бiрлеп,
Таңдап үзiп бергенi.
Қарбыз таңдау əдiсiн,
Бiледi екен мəнiсiн.
Сойып бердi қарбызды,
Алып шаппа бəкiсiн.
Бiреу айтқан:
– Шындасам
Бiр қарбызды жеймiн, – деп...
Бiр тiлiмiн, қарасақ
Тауыса алмай тұр ендi кеп.
Оның несiн айтайық,
Қарынымыз қампайып,
Əрең бiрiн тауысып
Жата кеттiк жантайып.
Тойып алып қарбызға,
Жатып тақыр аңдызға,
Сұрақ қойдық атайға:
– Ата, сiзге таңбыз да?!
Сұрасақ қой, күлесiз,
Бағбандықты сүйесiз,
Пiскендерiн қарбыздың
Қалай таңдай бiлесiз?..
Бақшашы айтты сабырлы:
– Қайтесiңдер дабырды.
Таңдағанда қарбызды,
Демейдi ешкiм жаңылды.
Жатқан қарбыз қалың бұл, –
Бағып-қаққан малым бiр.
Таңдасқанда бəс тiгiп,
Талайды ұтқан шалың бұл...
Мiне,
Мынау бармағың,
Қарбызға бас салмағын,
Тессе тырнақ қабығын
Оны үзiп алмағын,
Пiспегенi ол,
Бiлiп қой,
Көңiлiңе түйiп қой.
Тесiлмесе ал қабығы,
Пiскенi сол,
Тiлiп, той...
Сөйтiп үлкен жаңалық...
Естiп бiздер тарадық...
Ең ақыры қарбызды
Таңдай алмас дұрыстап,
Əй, балалық, балалық!..
– Данышпандық осы, – деп
Жүрiп кеттiк тезiрек,
Тұрған жоқ па байқасаң,
Мақтанудың кезi кеп.
Сөйтiп сол жол шаттанып,
Кеттiк дереу аттанып.
Жұрт алдында бiлгiшсiп,
Қалу керек мақтанып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақыл қайда?

  • 0
  • 0

Ақ мамасы сүйiктi
Қойдың басын үйiттi.
Былбыратып пiсiрдi,
Табаққа əкеп түсiрдi.

Толық

Ақыл қайда

  • 0
  • 0

Ақ мамасы сүйікті
Қойдың басын үйітті
Былбыратып пісірді,
Табаққа әкеп түсірді.

Толық

Балалық

  • 0
  • 0

Машинадан шықпай отыр Сарамыз,
Үш жасар қыз қылығына қараңыз.
Сиыр сүзiп алады деп қорқып тұр...
Ол сиырмен жүз метр жер арамыз.

Толық

Қарап көріңіз