Тұманды көл

Бұл бетте «Тұманды көл» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1789
Тұманды көл, тұманды көл,
Тұманыңды жырлайын.
Түбіңдегі сырларыңды
Маған айтшы, тыңдайын.
Сен тұманға оранғандай,
Бұлдыр-бұлдыр бейнесің.
Тұманды көл! Тұмандардың
Кигенің бе жейдесін.
Тұманды көл тұманыңмен,
Маған әбден ұнайсың.
Суың мөлдір сырға толы
Кімнен сырды сұрайсың?
Тұмандарың бұлтқа жетіп,
Тауларды да айналсын.
Тұман-сырың алыс кетіп
Тұман болып ойлансын.
Тұманды көл, тұманды көл,
Мүмкін сенің тұман жаның?
Сабырлығың неткен ғажап
Мен сені ұға алмадым.
Тұманды көл сол тұманға,
Сен басыңды иіпсің.
Қоршаса да қалың тұман
Сен тұманнан биіксің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұманды көл өлеңінің авторы кім?

Кадрия Темірболатова — осы өлеңнің авторы.

Тұманды көл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұманды көл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кадрия Темірболатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұманды көл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері