Сен білесің

Бұл бетте «Сен білесің» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 0
  • 8457
Сен бәрін де білесің, бәрін-бәрін,
Дауылдарын жүректің, жауындарын.
Қай көктемде құстардың кешіккенін,
Сонда менің жанымның ауырғанын.
Қай бір сөздің дертімді емдегенін,
Қай бір әуен бейуақ тербегенін,
Қай бір күзде гүлдердің ерте солып,
Ертесіне мен саған келмегенім.
Сен білесің сезімнің жаздағы әнін,
Жазмыш оты жүректе маздағанын,
Күйін кешіп бір сәтте бозбаланың,
Бір сәтте жанып кете жаздағаным.
Сен білесің тағдырдың шайқағанын,
(Шайқаламын таулардай, жай табамын),
Қай нөсердің астында көкке қарап,
Қандай сөзді ішімнен қайталадым,
Сен білесің,
Жаным не қалайтынын,
Саған мәлім – табарым қалай тыным,
Қай дұғаны таңертең оқитыным,
Қай кітапты кешкілік қарайтыным,
Сен білесің, ерке қыз, бәрін-бәрін,
Сенен өзге жүрекке шағынбадым,
Қай түндерде қандай түс көргенімді,
Сол түстердің қалайша жорылғанын,
Сен білесің,
жан білмес сырларымды,
өзім шеше алмайтын жұмбағымды,
Ешбір адам көрмеген белгілерді,
Еш жинаққа енбеген жырларымды,
Сен білесің,
бәрінің бір дерегін,
Сен білесің неліктен мұңлы өлеңім,
...Менің кінәм шығар-ау,
Бәрін біліп –Маған керектігіңді білмегенің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен білесің өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

Сен білесің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен білесің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен білесің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері