Өмірді сүйсең – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Өмірді сүйсең» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1903
Өмірді сүйсең,
Өмір де сені сүйеді,
Тегін бе бәрі,
Сезіне білсең, киелі,
Жол ұзақ алда,
Аяңдай басып жүре бер,
Домбыра сөйлер,
Кеткенше тайып тиегі.
Өткен күн болса
Секілді бір сәт, қас-қағым,
Келер күн алыс,
Болжау да қиын қатпарын,
Шуағын төгіп,
Тұрғанда аспан төбеңде,
Бекер деп бәрі,
Жетер деп уақыт саспағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері