Ешкі мен есті – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ешкі мен есті» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1114
Қайрат Айдархан ініме

Жемейтіні жоқ деуші едік ешкінің
Кеше ғана емші інімнен естідім...
Шек,шек деген үн шыққанша кешқұрым,
Білдірместен тірі жанға еш бірін,
Дала кезіп, тау мен таста секеңдеп,
Таңдап жейді алты жүздей шөп түрін.
Табиғаттан таңдап тауып қорегін,
Теріп жеген тек өзіне керегін,
Жұқтырмайтын басқа малдай ауруды,
Білеміз бе тазалықтың дерегін?
Кім біледі, бәлкім тосын естілер,
Тек керегін жейді екен ғой ешкілер,
Бәрін, бәрін талғамастан жеп жатқан,
Не дер екен бұл жайында естілер?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері