Өлең, жыр, ақындар

Сәулем қыздар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Барады үркер ауып жазға таман,
Жүгірдім мылтық алып қазға таман.
Буылып қол-аяғым жатсам дағы,
Домалап бара жатам қызға таман.
Қаршыға қыран болса, тырна алады,
Жел соқса, ұзын ағаш ырғалады.
Құрбылар, жастығыңда ойна да күл,
Қызықтан ойнамаған құр қалады.
Бұлт басып айдың көзін торлады ма,
Әй, сәулем, көңілдегі болмады ма
Әркімнің ықтияры өзіңде ғой,
Сүймесең, сені біреу зорлады ма


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәулем қыздар өлеңінің авторы кім?

Жаяу Мұса — осы өлеңнің авторы.

Сәулем қыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сәулем қыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жаяу Мұса өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәулем қыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері