Ауру мен дәрігер – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ауру мен дәрігер» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1218
Бақытжан Бимбетовке

Асылық қып, ұмытқанда құдайын,
Құдай жанға жібермей ме бір уайым?!
Шалдыққанда алуан түрлі ауруға
Таппай қалар пенде шіркін күн, айын!
Өкінгенде, арман қылып сау басын,
Қабыл етсе шын ниетін, тәубасын,
Дәрігерді жіберген ғой жаратқан,
Адамдарға мейірімі болғасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері