Жолжолтай – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Жолжолтай» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1090
Ақ пен қара аралас,
Терісі де көңілді,
Қане, қалай атаймыз,
Жолақ, жолақ зебрді?
Жол, жол болған терісі,
Зебр деген Жол – жол – тай!
Сипар едім жалынан,
Жолықсаң ғой, Жолжолтай!
Жолжолтайым, жол тайым,
Желіп жүрген зор тайым,
Жолға жортып шыққанда,
Желдей жүйрік бол, тайым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері