Қағаз – Қазақстан – Ықылас Ожайұлы

Бұл бетте «Қағаз – Қазақстан» атты Ықылас Ожайұлы жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1523
II
Қаптаған қағаздар
Көз соқыр, көңіл мас.
Ақшалар жолында
Ар-ұят ақсарбас.
Көкжасыл парақтар
Сендерге өкпем жоқ,
Аразға айналып адамдық,
Қағазға қақталған біздің бас.
Ей, шіркін,
ергежей ақылым ,
Мың болғыр өтірік сайрай бер.
«Біздің ел бай халық, арман ел...»
Ауаға шөлдеген ақиқат.
Қағазға тұншыққан қайран ел.
Орталық ой жасап ОДАҚТЫҚ,
Тарихи тамырды тонаттық.
Қайтейін қауқарсыз қазақтық.
Қаңбаққа айналған қалың сөз,
Қағазға таңылған азаттық.
Қайран...
Қаракөк хан Кене,
Азат ой , Ахмет.
Құныңды білмесек ғафу ет.
Қан менен қарғысқа
Қол шайған суық қол,
Түбі бір тартпай ма қасірет.
Қайнаған қызыл сөз,
Ыстық дем көпірік.
Бұл бәлкім тойғандық,
Бұл бәлкім кекірік.
«Халқым-ау, жұртым-ау»,
Езілген емешек...
Недеген ғажайып ертегі,
Не деген ғаламат өтірік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қағаз – Қазақстан өлеңінің авторы кім?

Ықылас Ожайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қағаз – Қазақстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қағаз – Қазақстан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қағаз – Қазақстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері