Сен барда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1016
Сен барда, жарық айым,
Тірлікте не нәрседен тарығайын?
Сен барда, жарық күнім,
Таяна алмас маған табыт-мұңың.
Сен барда, биік таулар,
Қадамды тұсай алмас тұйықтаулар.
Сен барда, терең көлім,
Келеді қашаннан-ақ ерен болғым.
Сен барда, биік аспан,
Көңілдің болар әр кез күйі – дастан.
Сен барда, дархан далам,
Торысын іштарлықтың арқандағам.
Сен барда, найзағайым,
Қадалам көркеудеге найзадайын.
Сен барда, нөсер ерен,
Басынан парықсыздың төпелер ем.
... Сен барда, армандарым,
Қурамас қыр астында қалған бағым.
Сен барда, жаным менің,
Жырымның тауыса алман лағыл-кенін.
Сен барда, өзің барда,
Жеңдіріп келем әр кез сезімді арға.
Жанымның тартып көр де жеребесін,
Қақшы кеп, махаббаттың терезесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен барда өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сен барда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сен барда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен барда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері