Бірде менен бір қарындас: «қызыңыз бар ма?», - деп сұрады – Бауыржан Үсенов

Бұл бетте «Бірде менен бір қарындас: «қызыңыз бар ма?», - деп сұрады» атты Бауыржан Үсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1559
Қарындасым-ай қиылған,
Сыйладың маған тағы елес.
Бақытым маған бұйырған,
Сор болып келген бақ елес.

Қинама айтқын деп менен,
Төгілмей жасым тұр шаққа.
Ғашықтық сезім көктеген,
Ұрынып қалған бұршаққа.

Аруды сендей мен сенген,
Басқа жан кеткен жар қылып.
Батпаққа батып белшемнен,
Шыға алмай жүрмін малшынып.

Бір рет оңбай алданғам,
Осындай сырым бар, айнам.
Аумаймын қазір арланнан,
Ызадан көзі қарайған.

Басыма орнап түнек түн,
Ақын боп солай кетіп ем.
Өртеніп кеткен жүректің,
Көсеме күлін, өтінем.

Өтінем, қалқам, сұрама,
Тырнама жанды, жетеді.
Әйтпесе сені бұл ағаң,
Сабақтан қырқып кетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері