Бой сала биіктейді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бой сала биіктейді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 755
Әркім де өрмелейді тауға қарай,
Тізгінін ұстата ма арман оңай?
Шығатын өздігінен өрге кім бар,
Қарманып, әр бұтадан саумаламай?
Кей жандар қарамайды-ау шамаға да,
Жалтаңдап қалт-құлт етер жаламада.
Аман-сау өтіп кетсе қызғанба оны,
Қалпақтай ұшып түссе табалама.
Сол шіркін шыға берсін шың басына,
Бәрбір жұқпас өрлік тұлғасына.
Тұғырға қондырғанмен шәуқарғаны,
Көз салып, барар дейсің кім қасына?
Бір содан болмаса да келер-кетер,
Амал не, тұғыр құнын төмендетер.
Ал уақыт елең қылмай соның бәрін,
Баяғы бәз қалпында өлеңдетер.

1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері