Грузин қызы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Грузин қызы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 931
Көктің туған айындай,
Киіктің құралайындай,
Саяда өскен сұлуды,
Ерке — Кура өзені,
Еркелеткен өз елі
— Балғындатқан бүгінгі.
Бұрым, бұрын, бұрын да:
Грузия, Кавказ, Қырымда
Грек мұрын, қара көз
Іркіп жасын тия алмай,
Жазылып еркін тұра алмай,
Құрулы торға болған кез.
Бұрын, бұрын, бұрында:
Зұлым заңның торында
Байлаудағы бұлбұлдай,
Сүйгеніне бара алмай,
Жаны ләззат ала алмай,
Мұңға батқан қырында...
Бүгін, бүгін, бүгінгі
Сылаңдаған сұлуды
Қарасам құмар қандырған,
Төңкерілген Еселей
Кеудесі күміс кеседей,
— Төсінен жұлдыз жандырған...
Бүгін, бүгін, бүгінгі
Грузия сұлуы,
Құстай ұшқан көгінде,
Қызғалдақтай құлпырып,
Қанат қаға ұмтылып,
— Гүл алсай наган жерінде.
Таң боп атқан адамға,
Біздің нұрлы заманда,
Ұл да, қыз да бақытты,
Қанған мейір құмары,
Махаббаттың шынары
Аспанға гүл атыпты!..

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері