Телефоныңды көтер – Серік Қалиев

Бұл бетте «Телефоныңды көтер» атты Серік Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3625
Еңбекқор білем ер екеніңді.
Үйіңе үйіліп береке кірді.
Табанды мінез, талмай ізденіс
Өзіңді елге елете білді.
Зәуімен саған хабарласып ем,
Білмедің бе екен мен екенімді,
Қырауар тірлік қырына алып,
Қиындатты ма кенет өмірді?
Көкейге келер көңілсіз ойлар,
Көтерші, бауырым, телефоныңды.
«Көк тиынға оған керегің жоқ!» деп,
Көп шайтан мені келеке қылды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері