Жекешелеп, өзің көр өз күніңді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жекешелеп, өзің көр өз күніңді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 969
«Жекешелеп, өзің көр өз күніңді»,
Киелі де жүйелі сөз бүгінгі.
«Баста ақыл ашынған» ауыр жолын
Таңдағандар тобына көз сүрінді.
Бастаған жол ол талай саналыны,
Ымырасы болмаған аралығы.
«Жалғыз жүріп жол таппай, көппен жүріп
Адас» деген халықтың даналығы. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері