Жұртқа жаққан сөзімен, Һәм ісімен, – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Жұртқа жаққан сөзімен, Һәм ісімен,» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1115
Жұртқа жаққан сөзімен, Һәм ісімен,
Ең керемет, ең ғұлама кісілер
Өмір сүрген секілді
Өтіп кеткен ғасырда.
Жан-сырыңды айтқызбай-ақ түсінер,
Мейірімді, қайырымды кісілер
Жүр ғой, бірақ, қасымда.
Ұмытпайтын жүзеге асқан ісін ел,
Бізден де артық кісілер
Келешекте туары анық, расында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері