Өлең, жыр, ақындар

Тақырыпсыз бір өлең...

Тұнық түннің жанарында тағдыр бар,
Қоймайтұғын жүрегіңде от өрмей.
Өксіп аспан, жауатұғын жаңбырлар,
Жанды мұңға батырады екен ғой.

Ұмытпаспын жылжытсам да жылды алға,
Бәлкім сені сағынамын тоңғанда әр.
Өткен жылғы Желтоқсанда мұң бар да,
Келетұғын қоңыр күзде арман бар.

Қадамыңды қалыс баспа жолдарда,
Көкте гүлім, көктемеде бүр жарып.
Жапырақ қыз маған ғашық болғанда,
Айдың Нұрын сүйгенімді білді анық.

Жапырақтар маңызды емес мен үшін,
Сен де менсіз бақыттысың, соны ұқтым.
Білесің бе? Айым, сенің жеңісің -
Мен түндерге сыр айтатын болыппын.

Жаздың айы, баттым тағы сол мұңға,
Елесінде Ай-Нұрындай мүсіннің.
Жаздың жылы жанарында тоңдым да,
Мен *ӨМІР*дің *СУЫҚ*тығын түсіндім.

Дос түсінер, күлер бәлкім қас маған,
Сенде бәлки дерсің мені "ақымақ"!
Айдың Нұры сені ғана еске алам,
Мына мені сағынғанда Жапырақ...

Кейде ішімде толас таппай жанад от,
Біз жайында ойланудың өзі мұң.
Үшеуміз де бағымызды табар ек,
Саған берсе Жапырақтың сезімін...

17.07.2020



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсіз жыр!

  • 0
  • 0

Өтірікпен өрбіген жаңалықтар,
Сөз айтпайды титтей де сана құптар,
Аспан мен жердей сірә аралықтар.
Сасыған сайтан атқыр саясатқа,

Толық

Ай-аңыз

  • 0
  • 0

Көңлін көктем келемеждеп, күз күліп,
Айға қарап үнсіз отыр бір жігіт.
Көздерінде тереңдік бар, қыздарды,
Жіберетін мөлдірлікке жүздіріп...

Толық

Ай... Нұр...

  • 0
  • 0

Боздап алам,
Әппақ ары өмірден озған адам.
Өмірі ойран болып, тозған адам.
Көктем күні қар жауып үсіп қалды-ау,

Толық

Қарап көріңіз