Көктем тойын бастады – Мүбәрәк Жаманбалинов

Бұл бетте «Көктем тойын бастады» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 10.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3476
Төнді балқып күн қызып,
Жылу алды көктен жер
Қардың астын су бұзып,
Есті жылы өкпек жел.
Күннен тұңғыш қызу ап,
Илеу бетін ашқаны,
Құмырсқалар құжынап
Көктем тойын бастады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері