Құдай ана

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

ҚҰДАЙ АНА

Сегіз ай болды, сегіз күн,
Ғұмырын кешіп егіздің,
Жүрген ем сегіз ай бұрын,
Сол күні үнсіз дем үздің.

Әзіл ме сол сәт, қайғы ма?
Ұғымсыз болып жай мына.
Мен сонда "Анашым" емес,
Досым деп қалдым қайғыра..

Жыладым, ессіз құладым,
Бір жанып-өшіп шырағым.
Бір жанып-өшті шырағым,
Шырақтан соны сұрадым.

Көлеңкең кетті көрінбей,
Жан алғыш кепті ерінбей...
Анажан жатқан тар бөлме,
Көрінді маған көрімдей.

Көңілін айтты бір ағай,
Жоқтауын айтты бір ана-ай.
Анасы жоқтар зар жылап,
Анасы барлар жыламай...

Күн өтті міне, ай болды,
Қайғым да бүгін жай болды.
Сол күні туған құлыншақ,
Сегіз ай өтіп, тай болды.

Құлайын, мың жыл жылайын,
Асырап алмас Ұмайым.
Анамды көрдім құдайдай,
Сол анам менің - Құдайым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдай ана өлеңінің авторы кім?

Сүндет СЕЙІТОВ — осы өлеңнің авторы.

Құдай ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құдай ана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сүндет СЕЙІТОВ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдай ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері