Саған жаным ашиды

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

САҒАН ЖАНЫМ АШИДЫ...

Саған жаным ашиды, ашиды да,
Сенен аулақ ұстаймын досымды да.
Сенен алыстатамын бар кесірді,
Саған тәуелді етемін ғасырды да.

Саған ғашық етемін енді өзімді,
Саған ашық етемін көр көзімді.
Саған асық етемін сері кезімді
және сыйға тартамын сол кезімді.

Ақын бар да шығар-ау, менен ұлы,
Шығар бәлкім оның да кемел үні.
Саған деген құмардан туар мүмкін,
Қазақ эротикасының шедеврі.

Жан-тәнімді күйдіріп азап оты,
Соған ақын тап болды, жазалы аты.
Саған қалай жетемін, мен шарасыз,
Қазақ Республикасының азаматы?..


Пікірлер (2)

Ақнұр

Әсерлі күшті.

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған жаным ашиды өлеңінің авторы кім?

Сүндет СЕЙІТОВ — осы өлеңнің авторы.

Саған жаным ашиды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Саған жаным ашиды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сүндет СЕЙІТОВ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған жаным ашиды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері