Қара теңіз

Бұл бетте «Қара теңіз» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1182
Зіп-зілдей денем, сүйегім сыздап, сынық па,
Жығылғандаймын жұд
ырық пенен сырыққа.
Қажыдым, білем, қай жаққа барып дем алам,
Тынығар жер жоқ, жуынар көл жоқ жуықта.
О, таптым, таптым!
Қырымға барам, Қырымға,
Шипалы жер деп жұрт айтып жүр ғой шынында.
Малтимын, шіркін, Қара теңіздің суында,
Балқимын, шіркін, Қара теңіздің құмында.
Теңізден қайтам тобылғыдай боп, гүл емес,
Мақтанар едім: «Қақталдым ғой деп, міне, дос».
Қара теңізім, қарайтшы мені, қарайтшы,
Қаралық маған, қаралық саған мін емес.
Қай жақтан алдың шипасын күллі көлдің сен?
Қай жақтан алдың жәннатын күллі желдің сен?
Білген екен ғой, құбылаңнан келіп сұғынып,
Түріктер неге мекендеп алған деп жүрсем?
Қайырлы теңіз, басқаға да жет, бізге де.
Жүзді ғой сенде пәлен де пәлен жүз кеме.
Құрымдай сенде халық та қазір көп шығар,
Бір барам саған,
Бара алмай қалсам, іздеме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара теңіз өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қара теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара теңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері