Іңгә – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Іңгә» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1170
Іңгә, іңгә, іңгә, іңгә, іңгәла,
Іңгәлай ғой, іңгәлай ғой, бір бала.
Жарық дүние кілтін ашқан жалғыз үн –
Адамзатқа сол ғой ортақ тіл ғана.
Іңгә, іңгә...
Іңгәлай ғой, шаранам,
Тербетеді, ұйықтатады жан анаң.
Тербеу деген басталғаны қозғалыс –
Секундтарды, минуттарды санаған.
Іңгә, іңгә...
Іңгәлай ғой, бейкүнәм,
Анаң сені әлдилейді айтып ән.
Ән басталды дегеніңше, саған да
Сана бітті, бергені ғой ой – қылаң...
Іңгә, іңгә...
Іңгәлай ғой, бөбегім,
Кермек дәмді келте айтатын өлеңің.
Түсінерсің, күрсінерсің, ұғарсың,
Іңгәлаудың, үһілеудің себебін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері