Кірпік қаға алмай кейбір түндерде – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Кірпік қаға алмай кейбір түндерде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1100
Кірпік қаға алмай кейбір түндерде,
Тулап жатамын төсек – «түрмемде».
Жастық, көрпемді жаспен шылаймын,
Мұңға булығып, мас боп жылаймын.
Озған күндерім алыс маздайды,
Қолым жетпейді, жүрек сыздайды.
Бұл бір ауыр түн әлі-ақ серпілер,
Аздап адамды тәубаға келтірер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері