Ақын Роберт Бернске еліктеп – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ақын Роберт Бернске еліктеп» атты Айтқали Нәріков‎ жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2078
Нәзік сазға ауысып отты өлеңім,
Терезеңнің алдына көп келемін.
Ең болмаса, әйнектен қарасаңшы,
Жанарымды телміртпей текке менің.
Сен болмасаң, қабағым ашылмайды,
Сен болмасақ, жігер - құм, басым - қайғы.
Жарқ етіп бір көрінсең, жарығым-ау,
Қайта жайнап кететін асылдаймын.
Көзі бітіп, шау тартқан бұлақтайын,
Жанарымда бір үнсіз сұрақ дәйім.
Жаутаңдатып сен мені қоясың ба,
Босағаңа байланған лақтайын.
Бара жатыр сарқылып бұлағым-ой,
Бір зілдей жүк иыққа сұлады ғой.
Әміршісі әлемнің Күн де мына,
Тәулігіне бір рет шығады ғой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері