Өлең, жыр, ақындар

Ақылымнан адастырып көр, кәне

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1640
(романс)
Ақылымнан адастырып көр, кәне,
Құлың етші, құсың етші тордағы,
Жоқ-жоқ, енді билетпеймін еркімді,
Қажет емес махаббаттың ойнағы!
Таңғы тұман. Таңғы тыншу. Солғын нұр
Терезеден ене алмай тұр төрге бір.
Аршын төсті ашып тастап төсекте
Тәтті ұйқыда сен жатырсың, бар болғыр!
Анау иық, анау ерін, төс анау,
Қарамаймын.
(Қол бұлғайды қос анар).
Анау саусақ, аяқ-қол да – бәр-бәрі
Бар өзімде, таңсық па екен, жә, солар!
Деп қалсам да кете алмадым қасыңнан,
Ток ұрғандай ой сап етті тосыннан.
Жанарыңда жәудіреп бір көл жатыр
Тәтті ұйқыдан жаңа ғана ашылған.
Деп қалсам да, тәйірі, әйел деген зат
Сәуле сынды өте шығар көз арбап.
Деп қалсам да, бас иеміз бекерге,
Өлең арнап, имандай сыр – сөз арнап.
Деген бір ой, жә, енді оған жолама,
Санамда тұр (жеңбей бірақ бола ма?)
...Құрсағыңа қолым тиіп кеткенде,
Кешір, кешір, келдім сонда тобама!
Сен – екеусің, екеусің сен, екеусің,
Кешір мені, сүйгенім сен екенсің.
Әйел-заттың махаббатын тек қана
Адамзаттың бақытымен өтерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақылымнан адастырып көр, кәне өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ақылымнан адастырып көр, кәне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақылымнан адастырып көр, кәне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақылымнан адастырып көр, кәне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар