Табиғат деген тағдырым менің – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Табиғат деген тағдырым менің» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2603
Табиғат деген тағдырым менің,
Табиғатыммен мәңгі біргемін.
Табиғатыммен тайталасам деп
Әлекке түстім, білмедім.
Табиғатымды танымадым мен,
Басына тептім – бағыма мүлдем.
Табиғатыма қарсы жүзем де,
Тағдырға тайқып, жалынамын мен.
Табиғатыма берік болмадым
Белгілі тағдыр ерікті алғаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері