Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала

Бұл бетте «Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 916
Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала...
Үркеді бұлақ, жатады қырат ойлана.
Үрпісі иіп желіге жеткен жылқылар
Солықтап келіп сауырын созса жай ғана.
Сағатын шайқап жанаспақ болса жас құлын,
Сауыны жетіп шұлғыса қулық бастығып.
Мойылдай жанар мөлт еткен кезде шашырап,
Қайырып мойнын иіскеп тұрса хас түлік.
Бөгелек тиіп, бипаздап алып терісін,
Аңсаса әлгі отығып қайтқан өрісін.
Асығыс үйден жеңешем шықса желіге,
Жолшыбай шалғын жаласа қайыс кебісін.
Күрпілдеп көпсіп иіген кезде екі емшек,
Мезгілі өткен сауынның есесі өтелсе.
Қыр шөбі сіңген қымырандай қулық саумалы
Қолқаны кеулеп кенеттен жеңгем жөтелсе,
Жөпелдемеде сезімтал жылқы селт етіп,
Жиырылып қалып шап бауырын сәл-сәл көтерсе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үркердей ауыл, үкідей шалғын айнала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері