Күдік – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Күдік» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1687
Аспанымда айналып жүр бір бақыт,
Күлімдейді күнде маған тіл қатып.
Кейде менің маңдайыма қонардай,
Жібереді жүрегімді тулатып.

Көптен бері түспей жүрген қолға түк,
Шынымен-ақ қонар ма екен сол бақыт.
Әлде әншейін жанарымды жарылқап,
Кетер ме екен үмітімді сорлатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері