Есепші – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Есепші» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

— Демей егін, мал қалды-ау
Жаның тыныш жай тауып.
Отырмысың, есен-сау
Көлеңкеде шот қағып.

— Рас, шотты мен қақтым.
Оның, құрбым, жоқ шамы!
Әр тасында сол шоттың
Маңдай терің моншағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері