Сөйлесем сілкінер бір дәуір – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сөйлесем сілкінер бір дәуір» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1989
Сөйлесем сілкінер бір дәуір,
О, несі ішінен тынғаны?
Күтудің салмағы зілмауыр
Еңсемді көтертпей тұрғаны.
Әңгіме тыңдаймын құлықсыз,
Білмеймін дәл қазір нақ кіммін?
Іздеймін біреуді ырықсыз,
Егіліп жылауға шақ тұрмын.
Шақ тұрмын күл болып кетуге,
Бір дауыл тұрады-ау кешікпей!
Бір-ақ сәт гүл болып кету де,
Бір-ақ сәт өбісу өшікпей.
Үнсіздік – ең ауыр жаза бұл,
Азабын мен ғана айта алам.
О, жетер, бүгінгі мазағың
Жетеді... тіл қатшы қайтадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері