Сен кетесің – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сен кетесің» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1551
Сен кетесің. Кетер бірге жел сөз де!
Жалғыз досым жел қалады ел кезбе...
Сен кетесің. Күндеуші де жоғалар...
Күн қалады тек шуағы ғана бар.
Сен кетесің. Өмір кетер ілесіп.
Өлең қалар өмір үшін күресіп...
Сен кетесің. Мән кетеді тағдырдан
Мән кетеді Желден,
Күннен,
Жаңбырдан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері