Түк емес қой! – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Түк емес қой!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1714
Түк емес қой! Қорқатын осы ма мұң?..
Сен сөйлесең, неге осы тосыламын?
Үлбіреген сезімім дір-дір етіп,
Қатарына гүлдердің қосыламын...
Қопарылып аунайды бөлек сезім,
Бүршік болып ашады терек көзін.
Шығып кете жаздаса жүрек қағып,
Шықпай қалар аузымнан керек сөзім.
Балауыздай еримін..
Бітіп барам...
Ақын сөзін аңдиды күтіп ғалам.
Сені мендей аспанға ұшырды ма,
Бұла сезім кеудені қытықтаған?
Өмір мейлі жіберсін көнтері ғып,
Мөлдіреймін аспандай көмкеріліп.
Көздерімнен танырсың кездескенде,
Тура қарай алмаған төңкеріліп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері