Суреттегі сыр

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1284
Қураған тал, қаусап тұр егістегі.
Тар жол тайғақ жолдарың тегіс пе еді?!
Жапырағы шықпайды, гүл атпайды,
Әлде қашан таусылған жемістері.
Тағдырға ұқсас бейне ғой, суреттегі.
Бұтақтары қақырап, күйреп тегі,
Көз ұшында жас ағаш жайқалады,
Шешек атып, таушалап түйнектері.
Күн батуға таяу шақ, ай қабағы.
Жер ана, көк майса шөп жайқалады.
Дегерез, бидай ма әлде, арпа ма екен,
Қылтиып әрең-әрең байқалады.
Түнеруге шақ қап тұр қара аспаны.
Жаңбыр төксе шаруаға қарасқаны.
Көңілімді босатты, сол ағашқа,
Ақша бұлттың сән болып жанасқаны.
Ақша бұлттар,
Көз жасын тұсап бәрін.
Сол ағашқа ашып тұр құшақтарын.
Тоналған кәрі ағашты жұбатады,
Ақ мамыққа орап ап бұтақтарын.
Кәрі талым шапанын іздегендей.
Мына жұтты қарашы, күзде келмей.
Көктем желі қозғайды бұтақтарды,
Жапырақтың сыбдырын іздегендей.
Бұл суретті айтады елес деп кім?!
Бір Алланың әмірі емес деп кім?!
Жапанда жалғыз қалған талды көріп,
Кейбір жанның тағдырын елестеттім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суреттегі сыр өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Суреттегі сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Суреттегі сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суреттегі сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері