Табиғат тылсымы! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Табиғат тылсымы!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2159
Баяу атты ақ таңым, еріншектей.
Түсте бұлт торлады, келімсектей.
Ауа- райы өзгерді, күліп-жылап,
Сан құбылды,
Сан құбылды көңілшек келіншектей.
Тылсым дүние, кім қалай ұғынады?!
Ауа-райы неліктен құбылады?
Ақша бұлттар көз жасын сығып алып,
Күннің нұрын жауып тұр шұғылалы.
Кеш батты, мұңданып тұр кеші неге?
Таңғы шуақ келмей қап, есіме де,
Арудың көз жасындай сеуіп өткен,
Ақ жауынды баладым, несібеге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері