Ауылға келдім – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ауылға келдім» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1991
Ауылға келдім.
Ағайын, бауыр арасы,
Далада жүрдім, емделмей көңіл жарасы.
Сұранып келсем,
Тіленіп келсем бір жөн ғой,
Тағдырдың мына тәлкегіне қарашы.
Береке-бірлік кеткендей болып, жын ұрып.
Баласын ойлап,
Дүние шіркін құнығып.
Құдайдың көзі әрқашан деймін тура ма?
Атымен желіп,
Жақсылар келіп ұғынып.
Әулие кезіп, Алладан медет сұраған,
Ақталып жатыр деймін-ау бүгін, бір үміт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері